«Атеистерге тіл тигізбеңіздер!»: Нұрлан имам оқырмандарына ескерту жасады (ВИДЕО)

Жаңалықтар

Кезекті тікелей эфирінде Нұрлан имам атеистерге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Атеистерге ауыр сөз айтып, оларды кемсітуге болмайды. Олардың парақшасына кіріп, боғауыз жазудың еш қажеті жоқ.

Атеистер де – осы елдің азаматы. Дінді оларды қорлап емес, басқа жолмен қорғау керек. Ал қажет болса, дінді Құдайдың Өзі қорғайды», – деді Нұрлан имам.

Сонымен бірге ол ұлттың мүддесін қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

@iman.outlook Атеисттерге не айтасыз? #нұрланимам #нұрланұстаз #хочуврекомендации #хочувтоп #ислам ♬ оригинальный звук — iman.outlook