Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін мәлімдеп, Тоқаев жайлы пікірін білдірді

Жаңалықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық көшбасшы бұл жайлы 7 қыркүйекте теннистен өтетін АҚШ-тың ерлер арасындағы ашық чемпионатының финалына ұшар алдында Ақ үйден шығып бара жатқанда мәлімдеді.

Журналистің Қазақстан жайлы және бұл елге сапары жайлы қойылған сұрағына Трамп жауап ретінде, баруы әбден мүмкін екенін айтты.

Мұнымен қоса, ол бұған дейінгі Тоқаевпен әңгіме мазмұнды болғанын атап өтті.

"Сәлем айтыңыз! Президентіңіз өте жақсы адам!",- деп АҚШ президенті баса айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yerdana Yerzhanuly (@yerdanashares)

Бұған дейін Тоқаевтың Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазғанбыз.