Олар әлемдік қорғаныс өнеркәсібінде айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізген.
Бір ғана мысал, Түркия 2025 жылдың ақпан айында қорғаныс және аэроғарыш өнімдері экспортының максималды өсімін көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ресми деректерден экспорт көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға артып, 434 миллионды құрағанын байқауға болады. Яғни, 2024 жылдың ақпан айында бұл көрсеткіш 300 млн долларды құраған еді.
Бұл нәтиже – халықаралық нарықта айтарлықтай өсіп, кеңейіп келе жатқан Түрік қорғаныс өнеркәсіп кешені (ҚӨК) үшін маңызды жетістік.
Бүгінде елде әскери техниканы, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын, әскери тікұшақтарды және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, аэроғарыш өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктерді өндіру мен экспорттау белсенді түрде дамып келеді.
Қорғаныс экспортындағы өсім өзге елдердің қорғаныс қабілетін нығайтуға және әскери жүйелерін заманауи стандарттарға жаңартуға ұмтылатын түрік технологияларына сұраныстың артуымен байланысты болған.
Бүгінде Түркия әлемдік қорғаныс өнеркәсібі қолжетімді бағада жоғары технологиялық шешімдерді ұсынып отыр.