Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қайрат Қожамжаровқа лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша күдік тағылды.
Барлық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды, делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың "Қорғас ісіне" қатысы барын растаған еді.