Ақмолалық дәрігерлер пацинеттерге ЖИ көмегімен диагноз қоя бастады

Жаңалықтар

Ақмолалық дәрігерлер пацинеттерге жасанды интеллектінің көмегімен диагноз қоя бастады. Пилоттық жоба әзірге өңірдегі төрт емханада сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, сандық жүйе дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Әсіресе, компьютермен көп жұмыс істейтін мамандар үшін өте тиімді.

"Осы жоба аясында жұмысымыз оңтайландырылды. Мысалы, қазір күніне 15 науқас келсе, соның шамамен 8-іне жасанды интеллект арқылы болжамды диагноз қоямыз", — дейді дәрігер Гүлмира Нұрмағанбетова.

Пилоттық жоба қатысып жатқан емханалардың ішінде ауылдағы медициналық мекемелер де бар. Мысалы, облыс орталығының іргесіндегі Красный яр ауылының мамандары соңғы бір айда 100-ге жуық адамға жасанды интеллектінің көмегімен болжамды диагноз қойған.

"Қазір емханадағы тексеріміз тез өтеді. Бұрынғыдай сағаттап кезек күтпейміз. Кабинеттен кабинетке қағаз тасып сабылмаймыз. Өте тиімді жоба деп ойлаймын", — дейді Красный яр ауылының тұрғыны Раиса Жукова.

Телеарнаның мәліметінше, бүгінде аймақта 38 дәрігер тың технологияны қолданып жүр. Алдағы уақытта олардың қатары арта түспек. Себебі өңірдегі 300 медициналық учаскеге еңгізу көзделіп отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз