Алматыда мемлекеттік органға тиесілі ғимаратының бір бөлігі жекеменшікке заңсыз өткен

Жаңалықтар

Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 м² болатын әкімшілік ғимараттың бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.

Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2006 жылы ғимарат төмендетілген бағамен "БибиДана" ЖШС-ге сатылып, ол өз кезегінде мүлікті "Саяхат" әуе компаниясы" АҚ-ға өтеусіз берген.

"Соттың шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды (заңды күшіне енді). Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізуде", – делінген прокуратура хабарламасында.