Сот шешімімен 54,7 гектар жер учаскесін жеке меншікке заңсыз беру тоқтатылды.
Бұл жер учаскесі мұнай өңдеу зауытын қайта құру үшін мемлекеттік қажеттіліктерге алынуы тиіс болған, деп жазады inbusiness.kz cайты ҚР АШМ-ға сілтеме жасап.
Алайда, тексеру барысында ҚР Жер кодексінің 48-бабы бұзылғаны анықталды. Себебі жер аукциондар мен конкурстар арқылы бәсекелестік негізде берілуі тиіс.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл шешімді қолдап, заңды күшіне енгізді.
Бұл шаралар арқылы заңдылық қалпына келтіріліп, мемлекеттік бюджеттен 164,2 млн теңге көлемінде негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік туды.