Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Жаңалықтар

17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ чемпионатында сенсация жасап, үшінші айналымға шықты. Ол ересектер арасындағы турнирде талайға дес бермеген финляндиялық Оскари Палданиусты тізе бүктірді .

Алғашқы сетте Оскари 6:3 есебімен жеңіске жеткен. Алайда кейінгі ойындарда Заңғар 6:1, 6:2 нәтижесімен тәжірибелі қарсыласын ойсырата ұтты.

Еске салсақ, екінші айналымда ол жасөспірімдер арасында әлемнің 13-ракеткасы саналатын польшалық Алан Важныйдан басым түскен еді. Ал жартылай финалда қазақстандық теннисші рейтингте 15-орында тұрған ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.