Бокстан World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, еліміздің ерлер құрамасы әлем чемпионатындағы жорығын 1/16 және 1/8 финалда бастайды.
1/8 финал:
- 50 келі: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Хутайфа Эшиш (Иордания) мен Луис Руни (Ирландия) жұбының жеңімпазы;
- 75 келі: Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) – Павло Илюша (Украина) мен Мохаммад Нурани (Үндістан) жұбының жеңімпазы;
- 85 келі: Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) – Георги Кушиташвили (Грузия) мен Петар Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазы;
- 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Мючахит Ильяс (Түркия) пен Доврани Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазы.
1/16 финал:
- 55 келі: Μахмұд Сабырхан (Қазақстан) – Брайан Ортис (Мексика) пен Амир Мохаммади (Бельгия) жұбының жеңімпазы;
- 60 келі: Бибарыс Жексен – Джунмилардо Огаире (Филлипин) мен Лай Чу-эн (Қытай Тайпейі);
- 65 келі: Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) – Юго Гро (Франция);
- 70 келі: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Юсеф Ислам Яише (Алжир);
- 80 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Матвий Владленович Ражба (Украина) мен Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңімпазы;
- 90 келі: Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Айзек Око (Англия).
Ал әйелдер арасындағы жеребе нәтижесі бойынша кейбір салмақта қазақ боксшы қыздары бірден 1/4 финалға шықса, тағы бір тобы 1/8 финалда шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ әлем чемпионатын 1/16 финалдан бастайтын боксшылар да бар.
1/4 финал:
- 80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Қазақстан) – Грейс Бакл (Англия) пен Селин Ли-Ло (Новая Зеландия) жұбының жеңімпазы.
1/8 финал:
- 48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) – Лилия Шелецкий (Венгрия) мен Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;
- 51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Фатма Мансури (Алжир) мен Мун Гьонг (Оңтүстік Корея);
- 70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) – Тхокчом Суприя Деви (Индия) мен Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;
- 75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) – Ван Лина (Қытай);
- 80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) – Ивета Лесинските (Литва).
1/16 финал:
- 54 келі Элина Базарова (Қазақстан) – Нигина Уктамова (Өзбекстан);
- 57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) – Панагита Кузилу (Грекия);
- 60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) – Садику Д (Косово);
- 65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) – Анна Луца Хамори (Венгрия).
World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер – 329, әйелдер – 225) келген.
Сондай-ақ басылымның мәліметінше, бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады.
Әлем біріншілігінде қазақ боксшылары арасынан алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сессия қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ кешкі сессияда 13-жұпта Б рингінде Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді.
Жекпе-жектерді Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз