Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Каспий теңізінің табаны арқылы суасты электр желілерін тартпақ

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Джейхун Байрамов әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

– Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде ауқымды стратегиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелері талқыланды.