Ол үшін өңір ұлттық киім киген 5 мың адамды жинауды көздеп отыр.
Маңғыстау облысы биыл 22 наурызда Ақтауда өтетін мегафестиваль аясында қазақтың ұлттық киімін киген 5 мың адамды жинап, Гиннесс рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр. Дәл осы күні рекордты тіркеу үшін Ақтауға халықаралық комиссия мүшелері келеді.
Мегафестивальге қатысу үшін Kazakh Record сайтында тіркелу қажет.
"Бұл фестиваль қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықтарды Kazakh Record фестиваліне шақырамыз", – делінген фестивальдің Instagram арнасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Best Fest Nauryz (@best.fest.nauryz)
Шараға 16 жастан асқан дар ғана қатыса алады. Қатысушылар 362 теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет. Сондай-ақ, олар фестивальге өзінің ұлттық киімін киіп келуі тиіс.
Оқи отырыңыз: "Амалмен шатастырмау керек". Зейнеп Ахметова Наурыз мерекесі туралы