Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы 2025 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, іздеу ісі 29 тамызда Алматының Алмалы ауданында тіркелген.
"Іздеуде жүргеніне 3 күн болды… Бастамашы орган: Прокуратура. Іздеуді жүргізуші орган: Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық полиция басқармасы", — делінген Бас прокуратура порталында.
Еске салайық, Мақсат Дүйсенов ҚР бас көлік прокуроры қызметін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін атқарған.