Ата заңымызды зағип жандар да оқи алады

Жаңалықтар

Павлодарда ел Конституциясының брайль қарпінде басылып шыққан нұсқасы таныстырылды. Жергілікті кітапханаларға әкелінген осы нұсқа инклюзияның мүмкіндігін көрсетеді.

Зағип жандар оны об­лыс­тық кітапха­на­да және арна­йы кі­тапханада оқи алады. Осы­лай­ша, елімізде кө­зі көр­мей­тін және нашар көретін аза­маттардың өз құқықтарын қор­­ғауға, заң­намалық сауатын же­тіл­діруге, мүмкіндіктерін көр­­се­туге тамаша мүмкін­дік жа­салып отыр.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Конс­титуцияның 30 жылдығына арналған іс-шара өтіп, онда Конс­титуция кітабының брайль шрифімен басылып шық­қан жаңа нұсқасы таныс­тырылды. Кітап атау­лы мерей­тойға орай Жоғар­ғы соттың тапсырмасымен жа­рық көрген.

«Біздің қолымызда Конс­титуцияның бірнеше нұс­қа­сы бар: жалпақ баспа форматында, Брайль қарпінде және флешкаға жазылған MP3 ­аудио нұсқасында. Көп­­ші­лігі жұмысқа келгенде не­месе қажет болғанда қа­жет­ті баптарын тауып алып оқи­ды. Мәселен, 28-бапта аза­мат­тарға ең төменгі жа­лақы мен әлеуметтік тө­лемдердің мемлекет тарапынан кепілден­дірілеті­ні жазылған. Бұл баршамыз үшін маңызды», деді тұсаукесерге қатысқан Қазақ зағиптар қоғамы­ның төрағасы Дүйсенбі Қабдулов.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл игі бастама – көзі көрмейтін жандар­дың елдің басты құжатымен еркін танысып, азаматтық құқығын терең ұғынуына мүмкіндік беретін тың қа­дам. Зағип жандар бұл кітап арқылы өздерінің қоғамдағы толыққанды мүшесі екенін тағы бір мәрте сезінетін болады.

Павлодар облысы