"Қайрат" футболшылары Чемпиондар лигасы жеребесінің нәтижесін қалай қабылдады

Жаңалықтар

"Қайрат" парақшасында алматылық команданың футболшылары мен бапкерлер құрамы Чемпиондар лигасы жеребесін тамашалаған сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған дейін клуб парақшасында спортшылар арасында сауалнама өтіп, олар осы маусымда қай клубтармен ойнағысы келетінін атаған еді.

Ең көп аталғандары – "Реал Мадрид", "Барселона", "Арсенал" және "Интер".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Жеребе тарту барысында "Қайратқа" осы командалардың үшеуі қарсылас болып түсті.