Қошанов келесі аптада парламент палатарының бірлескен отырысын өткізеді

Жаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы мәжілістің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, Қошанов парламент палатарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге бүгін, 28 тамызда қол қойды. Парламент отырысы келесі аптада Астанада өтеді деп жоспарлануда.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", -деп жазылған өкім мәтінінде.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз