Боранға байланысты еліміздің шығысында көлік қозғалысы шектелді

Жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ШҚО-да көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды 24kz.

Қар аралас соққан қатты жел жолдарда жүргізушілерге қиындық туғызған. «Өскемен – Алтай», «Өскемен – Алматы», «Өскемен – Самар» және «Өскемен – Шемонаиха» бағыттарында 300-ден астам көлік діттеген жеріне жете алмай тұрып қалған. Табиғат тосын мінез танытқанда төтеншеліктер мен құтқару қызметінің мамандары да тосылып қалған жоқ. Патрульдік полиция батальоны жолдарда тәулік бойы қызметке жұмылдырылған. Мұнымен қоса, жолаушыларға ыстық шай мен тамақ таратылды. Соңғы тәулік ішінде 250-ден аса темір тұлпар қауіпсіз жерге жеткізілген.