Алматыда түнде Асқаров көшесі жабылады

Жаңалықтар

Алматыда жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтарына Асқаров көшесінде қозғалысқа шектеу қойылатыны ескертілді,

Бұл туралы ақпарат Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды:

"28 тамыз күні сағат 22:00-ден 29 тамыз сағат 06:00-ге дейін қозғалыс Садықов көшесінен Сайын көшесіне дейінгі аралықта толықтай жабылады", — делінген хабарламада.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген стендтер орнатылады.