АҚШ мектебіндегі атыс: күдікті – 20 жастағы америкалық

Жаңалықтар

Миннесота штатында мектепте болған атыс салдарынан 20 адам зардап шекті. Ал, мұндай қанды қылмысты жасаған күдіктінің небәрі 20 жастағы Робин Вестман екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NYP деректеріне сүйенсек, жас жігіт Благовещение католик шіркеуінің терезесінен оқ жаудырған. Ол кезде онда балалар қатысқан мерекелік мектеп шарасы өтіп жатқан.

Mom of Minneapolis mass shooter Robin Westman worked at Catholic school where he opened fire, killing 2 kids: police https://t.co/JJqSjN32wx pic.twitter.com/5NdgcoDPwz

— New York Post (@nypost) August 27, 2025

Айта кетейік, атыс салдарынан 20 адам зардап шекті, олардың үшеуі қаза тапты. Бұған дейін қала билігі қарулы шабуыл жасаған адамның өлі күйінде табылғанын мәлімдеген.

Еске салайық, 21 тамыз күні Чехия президенті Украинаның бейбітшілік миссиясына бітімгерлер жіберуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Толығырақ сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.