"Қайраттың" Алматыдағы ойындары ел экономикасына 3 млрд теңге кіріс әкеледі

Жаңалықтар

"Қайрат" футбол клубының Алматыда өткізетін алдағы 4 кездесуі Қазақстан экономикасына шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы әкелуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Kazakh Tourism" мәліметінше, Алматыдағы кездесулерге 4 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келеді деп күтілуде.

UEFA талаптарына сәйкес, әр матчқа келген қонақтарға стадиондағы орындардың 5%-ы бөлінеді. Бұл әр ойында шамамен мыңға жуық шетелдік жанкүйер болады дегенді білдіреді.

Орташа есеппен, әрбір мейман Қазақстанға сапары кезінде шамамен 1 400 АҚШ долларын жұмсайды.

Осылайша, туризм, қонақүй бизнесі, тамақтану орындары мен көлік қызметтері елеулі табысқа кенелмек.

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып отыр.