Қазақстанда кәсіпкерлердің банк шоттарынан қолма-қол ақша алу қағидалары жаңартылады

Жаңалықтар

Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қаржы министрінің "Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақша алу қағидаларын бекіту туралы" бірлескен қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба жаңа редакциядағы қағидаларды бекітуді көздейді. Атап айтқанда, онда:

  • жаңа Салық кодексінің қабылдануын ескере отырып, құжаттағы қолданыстағы сілтемелерді өзектендіру;
  • мәліметтерді ұсынудың жаңа нысандары;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің алған қолма-қол ақшасының мақсатты пайдаланылуы туралы ақпаратты қамтитын қосымша енгізу қарастырылған.

Ұлттық банкте атап өткендей, жобаны іске асырудың күтілетін мерзімі – 2026 жылдың I тоқсаны.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 12 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауына шығарылған.