"Ел үшін үлкен мақтаныш": Алматы әкімі "Қайрат" футболшыларын тарихи жеңісімен құттықтады

Жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубының "Селтикке" қарсы ойынындағы тарихи жеңісінен кейін футболшыларды құттықтап, мегаполисте салынатын стадион туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубын тарихи жетістігімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.

"Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылықтар үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш.

Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін.

Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы Қазақстан футболының дамуына тың серпін беретіні анық", — деді қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дархан Сатыбалды (@darkhan_satybaldy_official)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз