Ғылым және жоғары білім министрінің м.а 2025 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен ҚР азаматтығына қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша білім көлеміне өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру кезінде:
- мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу – кемінде 15 балл;
- ҚР Конституциясының негіздері – кемінде 20 балл;
- Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл болуы тиіс.
Бұрынғы талап бойынша мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу – кемінде 36 балл, ал Конституция негіздері – кемінде 9 балл болуы қажет болған.