Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдағы учаскеде екі сағатқа көлік қозғалысы шектеледі

Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдағы учаскеде екі сағатқа көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, бүгін республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автокөлік жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

"Соған байланысты 2025 жылғы 26 тамыз сағат 12:00-ден 14:00-ге аталмыш жол учаскесінде Қандыағаш қаласының айналма жолынан бастап елдімекеннің кіреберісіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз" , — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз