Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының күні аталды

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 26 тамызда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды",- делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Бұған дейін Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен жақын күндері Қытай Халық Республикасына баратындығын жазған болатынбыз.