Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жібермек болды

Жаңалықтар

Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болды. Полицейлер оны дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, 25 тамыз 2025 жылы сағат 22:06-да Алматы әуежайының «Т-1» терминалында ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған.

Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге тез арада әрекет етіп, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Бұл туралы Көліктегі ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ер адам қаладағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның себептері анықталып жатыр.