Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел мерт болды

Жаңалықтар

Павлодарда көпқабатты тұрғын үйден құлаған әйел қаза тапты. Жазатайым оқиға түнде болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

24 тамызда сағат 22:06-да облыстық жедел жәрдем станциясына Назарбаев даңғылында тұрған көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мекенжайға жеткен дәрігерлер шамамен 30-35 жастағы әйелдің жан тапсырғанын тіркеді.

Ол биіктен құлап, ауыр жарақаттар алған.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 40 жастағы ер адам биіктен құлап қаза тапқанын хабарлаған едік.