Марқұм Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана беріледі

Жаңалықтар

Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында 16 жасында қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасына жаңа баспана берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Шерзат Болаттың отбасына демеушінің қолдауымен және әкімдіктің қадағалауымен жаңа үй салынып жатыр. Үй қазан айына дейін дайын болады деп жоспарланып отыр.

"Алматы облысының әкімдігі құрылысты толық қадағалап, барлық құжатты рәсімдеп, істі аяғына дейін жеткізуге уәде берді", — деді Мейірман Шекеев.

Ол үйге әлі де көп нәрсе алу керектігін айтты: газ плитасы, перделер және т.б. Ол осы орайда отбасы көпшіліктің көмегін қабылдаудан бас тартпайтынын алға тартты.

Еске сала кетейік, Шерзат Болаттың үйі өткен жылдың 12 қазанында өртеніп кеткен еді. Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғаған болатын.

Кейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі неліктен марқұм Шерзат Болаттың отбасына өртенген үйдің орнына жаңа үй берілмегенін түсіндірген еді.

Шерзат Болат ісі

2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған қараған түні Талғар қаласында ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқанын жазған едік. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілген, олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Кейін марқұм болған 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала екені хабарланды.

Биыл 5 маусымда Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Сотталушылар:

— Абзал Шынасыл 23 жылға;

— Равиль Сакиев 20 жылға;

— Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;

— Нұрқияс Ілиясов 9 жылға;

— Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — әрқайсысы 7 жылға;

— Д.Ы. 1 жыл 6 айға сотталды.

Кәмелетке толмаған Д.Ы. шілде айында жазасын өтеуіне байланысты қамаудан босатылды.

Қалған 8 сотталушы сот үкімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз