Өскеменде көлігіндегі мемлекеттік нөмірді алып, орнына өзінің тегін жазып алған жүргізуші жазаланды

Жаңалықтар

Өскеменде әсерлі видео түсіру үшін жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Желіде Өскемен қаласында тұратын автокөлік иесінің видеосы тарады. Кадрлардан көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, оның орнына өз тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып алған жүргізушіні байқауға болады.

Полиция көлік жүргізушісін анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ ол қозғалыс барысында қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұл құқықбұзушылық үшін де жаза қолданылды.

ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуға тиіс екенін ескертеді. Оларды ауыстыру немесе жасыру – заңға қайшы әрекет. Ал қауіпсіздік белдігін қолданбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Полицейлер жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, өзінің және айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз