Қарағанды облысында пойыз шұғыл тоқтап, жолаушылар зардап шекті

Жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушылар пойызы шұғыл тоқтап , салдарынан жолаушылар зардап шекті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 24 тамызда сағат 21:38-де Қызылжар-Түйемойнақ аралығында (Жарық — Жезқазған учаскесі) болған. №107 Жезқазған-Астана жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда жүк вагонын байқап, тежегішті шұғыл басқан.

"Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушылар жеңіл жарақат алды. Пойыз 23:14-те сапарын жалғастырды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданған жоқ", — деп жазылған хабарламада.

ҚТЖ мәліметінше, оқиғаның себептері анықталып жатыр. Мән-жайды анықтау үшін басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына жеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget