Оқиғаға байланысты жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, полицияның барлық күштері жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы тұрғыны қызының жоғалғаны жөнінде полицияға хабарлаған.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, әйел 22 тамыз күні сағат 21:20 шамасында қызы дүкенге танысымен бірге кетіп, үйге қайтпағанын айтқан.
23 тамызда 32 жастағы ер адам ұсталып, ол қыздың қайда екенін көрсеткен. Нәтижесінде қыз бала ауыл шетінен аман-есен табылды.
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды," – делінген ведомство хабарламасында.