Қазақстан футболшылары "Атлетико Мадридке" қарсы матч өткізді

Жаңалықтар

Матч Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында өтті.

Жасөспірімдер лигасының үздік ойыншыларынан құралған құрама Еуропаның беделді клубтарының бірі — мадридтік "Атлетико" академиясының тәрбиеленушілерімен кездесті.

QJL All Star командасы бұл ойынға дейін оңтүстік астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, алаңдағы өзара түсіністікті арттырып, алаңдағы шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.

Кездесудің 9-минутында испаниялықтар сапынан Гонсало Гросс есеп ашты. Екінші таймда қазақстандықтар қарсы шабуылдарын күшейтіп, 58-минутта Мақсат Абраев тамаша соққымен таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында "Атлетико" ойыншылары сәл ғана басым түсті.