Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның үш өңірі мен Шымкент қаласының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған аумақтарда 23 тамызда өрт қаупінің бесінші, яғни ең жоғары класы белгіленді.
Бұл Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына қатысты.
"Елдің солтүстігі мен шығысында найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ал оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғып, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында +35-тен +40°С-қа дейінгі аптап ыстық қайта келеді", — деді министрлік.
Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- от жақпау;
- ашық алаңда шылым шекпеу;
- қураған шөптің жанында шөп өртеуге болмайды.