Алматыда контрафактілік түйе сүті өндірісі анықталды

Жаңалықтар

Арнайы жабдықтар арқылы жасалған 18 мыңнан астам контрафактілік өнім тәркіленді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері "Е" ЖШС-не қатысты бөтеннің тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеріс отандық брендтің ресми өтініші негізінде басталған. Нәтижесінде заңсыз өндіріс фактісі әшкереленді: бөтеннің тауар таңбасын қолдана отырып, қаптау және таңбалау жұмыстары жүргізілгені белгілі болды.

Әділет департаментінің мәліметінше, бұл дерек заңсыз өнімді сақтау және сатудан бөлек, оның өндірісінің де жолға қойылғанын көрсетеді.

Барлық материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы бойынша іс жүргізу үшін сотқа жолданды.