Алматы облысы Есік қаласының кіреберісінде 2 жолақтың орнына 4 жолақ сызылып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Оқиғаға қатысты Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әкімдіктің хабарлауынша, облыстық маңызы бар "Есік – Саймасай" автожолының 7-шақырымында күрделі жөндеуден кейін жолдың ішкі бөлігіне қосымша кеңейту қажет болған. Бұл мектепке бұрылатын автобустардың қауіпсіз маневр жасауына мүмкіндік беру үшін жасалған.
Мердігер ұйым "ДСУ-13" АҚ қосымша екі сызық сызғаннан кейін жол төрт жолақты болып көрінген. Кейін жоба талаптарына сай болу үшін бұл сызықтар алынып тасталды.
Жол таңбасын түзету жұмыстары мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген.