Елордада балаларды көшеде ақша жинауға заңсыз тартқан

Жаңалықтар

Елордада жасөспірімдерді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинау деректері тіркелді, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен саябақтарда, ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және көшелерде рейдтер жүргізілді. Барлығы 8 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олармен ешқандай шарт жасалмастан, 3 қайырымдылық қоры оларды волонтёр ретінде тартқан.

Аталған қорлар "қайырымдылық" деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 млн теңге жинаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қордың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне бөлек құқықтық баға берілетін болады.