Трамп: Байденнің кезінде Зеленский АҚШ-тан ақшаны кәмпит сияқты алды

Жаңалықтар

АҚШ президенті Fox News-ке сұхбат берді.

Журналиспен әңгімеде Дональд Трамп қазіргі уақыттағы ең басты-басты сұрақтарға жауап беруге тырысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Украина президенті Владимир Зеленскийді "істеген жақсылықты бағаламайды әрі түсінбейді" деп атаған. Десе де, АҚШ президентінің арнайы өкілі Зеленскийдің Трамптан кешірім сұрағаны туралы айтқан еді. https://inbusiness.kz/kz/last/zelenskij-tramptan-keshirim-surady-aksh-prezidentinin-arnajy-okili

– Ол – әрі қатыгез жігіт. Байденнің тұсында бұл елден ақшаны сәбиден кәмпит алғандай алды, – деді Трамп Украина президенті туралы.

Ол АҚШ-тың Украинаға 350 млрд доллар, бұл ретте Еуропаның 100 млрд доллар бергенін атап өтті.

"Sunday Morning Futures" бағдарламасының жүргізушісі Мария Бартиромо АҚШ президентінен Ресейге саяси қысымды азайтуы турасында сұрады.

– Ресейге қаталдық танытқандар арасында Дональд Трамптан асқан адам жоқ. Есіңізде болса, "Солтүстік ағын-2" құбырын тоқтатқан мен едім, – деді АҚШ президенті.

Жүргізуші "президент жанжалда Ресей тарапын таңдады" дейтін сынға не айтарын сұрады. Трамп бұл сұраққа тікелей жауап беруден бас тартып: "Ресейге Дональд Трамптан асқан ешкім қатал болған емес. Ешкім! Мұны олар біледі" деген сөзін қайталады.

Сонымен қатар, Трамп Ресейге салынған санкцияларға қарамастан Путинмен, Ким Чен Ынмен және Төраға Си Цзиньпинмен де жақсы қатынаста екенін атап өтті.