Абай облысының Үржар ауданында балаларды қағып кеткен көлік жүргізушісі сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Абай облысының Үржар ауданында болған үш баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеуде.
Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында", — делінген ІІМ-нің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз