382 млн теңгенің алтыны мен бұзылғын өзен арнасы: ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісі анықталды

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң бұзушылықты ҚМА ШҚО департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп әшкереледі.

"Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген.Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. ЖШС заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді",- делінген ақпаратта.

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.

"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды",- деп мәлімдеді ҚМА.

Бұған дейін оқу гранты жайлы алаяқтық схема ашылғандығын жазғанбыз.