Бард ақын Табылды Досымовтың "Волга" көлігі реставрациядан өтеді

Жаңалықтар

Бұл игі іс ақынның туғанына 60 жыл толуына орай атқарылмақ .

Атырауда қазақтың тұңғыш бард-ақыны, марқұм Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай оның "Волгасы" реставрациядан өтеді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов Facebook желісінде жазды.

"Биыл қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген "Волга" автокөлігі реставрациядан өтетін болады. Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге жүзеге асырудамыз, Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз", – деп жазды ол.

Еске салайық, Табылды Досымов 2010 жылы 19 қазанда 45 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіргенмен, әншілік жолды таңдаған.


Оқи отырыңыз: "Дархан Juzz көзі тірісінде бағаланбады". Әнші Дархан Жүнісбековтің қазасына – 1 жыл