Әлем чемпионаты: Бүгін сынға түсетін боксшы қыздар белгілі болды

Жаңалықтар

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын боксшылар есімі белгілі болды , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокс федерациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, отандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен өтетін кездесулер 11 наурыз сағат 18.00-ден басталады. Бұл уақытта шаршы алаңға Виктория Графеева, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева кезегімен өнер көрсетеді. Ал сағат 22.00-ден бастап Жайна Шекербекова, Гүлсая Ержан мен Жасмин Кизатова шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін Анита Адишева жарыс жолынан шығып қалған болатын. 52 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз 1/16 финалда мексикалық Патино Хураезке 3:4 есебімен есе жіберді.