Израильдің Газаға шабуылы бірнеше журналистің өмірін жалмады

Жаңалықтар

Олар – Al Jazeera телеарнасының түсірілім тобы мүшесі.

Израиль әскері журналистердің қаза болғанын растады, бірақ бомбалаудың білместікпен жасалғанын алға тартады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Al Jazeera арнасы бомбалау басталғалы бері Израиль әскері 200-ден астам журналист пен медиа қызметкерін, туыстарын өлтіргенін мәлімдеп отыр.

Бұл жолы Израиль "Аш-Шифа" ауруханасының жанындағы тілшілердің қонысына қасақана шабуыл жасаған. Соның салдарынан журналистер Анас әл-Шариф пен Мұхаммед Крейке, екі оператор Ибрагим Захер, Мұхаммед Нуфал қаза тапқан.

Медиажелі шабуылдың негізгі нысанасы 28 жастағы әл-Шариф болғанына болжам жасайды.

– Журналистердің шатырын атқылау салдарынан барлығы жеті адам көз жұмды. Жақында Al Jazeera медиажелісі Израиль әскерін өз тілшілеріне, әсіресе аш-Шарифке қарсы "арандату науқанын" жүргізді деп айыптады, – деген ақпарат тарап жатыр.

Израиль әскері "журналистерді бомбалау білместікпен жасалды" дейді. Олар соғыс бастағалы бері "Газа секторындағы палестиналық журналистерді ХАМАС-қа қатысы бар" деп жиі айыптайды. Дегенмен, адам құқықтарын қорғаушылар мұны Израильдің өзіне тиімсіз репортаждар жасаған тілшілерді тұқырту әрекеті деп есептейді.

БАҚ еркіндігін қорғау тобы мен БҰҰ сарапшысы осыған дейін аш-Шарифтің Газа жайлы репортаждары үшін өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан еді.

Бірнеше күн бұрын Газа секторындағы соңғы сұмдық статистикалық деректерді жариялаған едік.