Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне байланысты көшелер жабылады

Жаңалықтар

10 тамыз күні Орталық стадионда өтетін Дженнифер Лопестің концертіне байланысты Алматы полициясы жолдардың уақытша жабылатыны туралы сызбаны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 16:00-ден бастап келесі учаскелерде қозғалыс шектеледі:

  • Байтурсынов көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін,
  • Сәтпаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін,
  • Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.

Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Барлық қонақтардан ұйымдастырушылар стадионға кіру кезінде кідірістер болмас үшін алдын ала келуді сұрайды. Стадионға кіру сағат 15:00-ден басталады. Іс-шараға кіру тек QR-коды бар билетпен жүзеге асырылады. Бір билет – бір адамға ғана жарамды.

VIP Standing, Fan zone, Dance floor сияқты тұру аймақтарына 16 жастан бастап кіруге рұқсат етіледі. 12 мен 16 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар іс-шараға тек ересек адамның ертіп келуімен және отырғыш орындарға арналған билеті болған жағдайда ғана жіберіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)