Жоба келесі аптада басталады деп күтіліп отыр.
Облыс орталығындағы жер үйлерді біртіндеп орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Павлодар қаласының жер үйлері орналасқан аумақтардағы су колонкаларын алып тастауға шешім қабылданды. Олардың саны бүгінде 100-ден асады. Жақын күндері облыс орталығындағы шағын аудандардың тұрғындарын орталықтандырылған ауызсу құбырына қосу жоспарланған. Осыған байланысты көшелерде самсап тұрған су құрылғылары жойылады.
Бұл туралы Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзайыпов хабарлады.
– Қала бойынша тұрғындарды орталықтандырылған ауызсуға қосуға арналған 5 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жоба аясында колонкаларды аламыз. Жер үйлерге ауызсу кірген соң бұл құрылғылардың қажеті болмай қалады, – деді Ержан Иманзайыпов.