Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, елдегі жаңғыртудан өтпеген базарлар 2026 жылға дейін талапқа сай келмесе , олардың жұмысы тоқтайды.
Министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қазіргі таңда базарларды жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатқанын айтты. Бұл шара көлеңкелі экономиканың алдын алу үшін қолға алынған.
– Жол картасы дайын. Егер жоспарға енген базарлар жаңартылмаса, олар жабылады, – деді Шаққалиев.