Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі қайда және қашан өтетіні белгілі болды

Жаңалықтар

2025 жылғы 5 тамызда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дмитрий Мун халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі ертең, 6 тамызда өтетінін атап өтті.

"Рәсім Алматыда, Әскер үйінде сағат 09:00-де өтеді. Министр іссапарда, ол осы уақытқа дейін қайтып, қоштасу шарасына қатысуды жоспарлап отыр", – деп қосты ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсабаевтың қайтыс болғанын жариялап, оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.