Алматыда ірі жолайрық уақытша жөндеуге жабылады

Жаңалықтар

Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы жолайырығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty Joly.

31 шілдеде сағат 08:00-ден бастап 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін шығыс бағыттағы Әл-Фараби даңғылының және солтүстік бағыттағы Жароков көшесінің бұрылыстары, сондай-ақ Жароков көшесімен солтүстіктен келіп, батыс бағыттағы Әл-Фараби даңғылына шығатын бұрылыстар жабылады.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз