IEO – 2025: NIS оқушылары алтын мен қос күміс еншіледі

Жаңалықтар

Бакуде өткен IEO – 2025 Халықаралық экономика олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қазақстанның атын асқақтатып, үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты .

Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан алтын медаль жеңіп алса, NIS IB мектебінің оқушылары Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс медальдарға ие болды.

Олимпиада биыл 53 елден келген 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейсті шешу бағыттарында білімдерін сынға салды. Қазақстандық жас зияткерлер бұл сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.