Алакөлде полиция қызметкері алты жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, Алакөл жағасында отбасымен демалып жүрген алты жасар бала судағы үрлемелі, ұзын арқан арқылы жағаға байланған аттракцион — аквазорға мініп, ойнағысы келген.
Ұйымдастырушылар арқанды баланың атасына ұстатып кеткен, алайда кенеттен соққан қатты жел арқанды үзіп әкетіп, баланы судың тереңіне қарай кетіп қалған.
Осы сәтте су жағасында отбасымен демалып жүрген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкері Талғат Оспанов дереу әрекет еткен. Ол жағдайдың қауіпті екенін бірден аңғарып, ойланбастан суға секіріп, аквазорбтың соңынан жүзіп кеткен.
Артынан баланың атасы мен әкесі де суға түскен, дегенмен полиция майоры балаға бірінші болып жетіп, олар бірлесіп баланы аман-есен жағаға шығарған.
"Біз Талғат Сұлтанұлын мүлде танымаймыз. Жағалауда адам көп болғанымен, дәл осы кісі еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Ұлымды толқын мен жел біртіндеп алысқа алып кетіп бара жатты. Егер Талғат Сұлтанұлы болмаса, жағдай басқаша аяқталуы мүмкін еді. Отбасымыз ол кісіге өмір бойы алғыс айтып өтеді", — дейді баланың анасы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз