Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары аумағында өрт шығып , құтқарушылар жалынның бетін дер кезінде қайтарды.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға бас-аяғы 16 техника, 100 астам адам атсалысты. Олардың сабында Алматы облысы мен Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің мамандары бар. Сондай-ақ, Қазавиақұтқаруға тиесілі Ми-8 тікұшағынының экипажы да тартылды.