Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындары кезінде қазақ қызы Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан үздік алтылыққа енді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.
"Ясмина Тоқсанбаева үздік алтылықта. Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 6-орын иеленді! Ол 20 шақырымды 1 сағат 30 минут 18 секундта жүріп өтті.
Сонымен қатар Ясмина осы нәтижесі арқылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан рекордын жаңартты! Жас спортшымызға жеңіс тілейміз!", — делінген хабарламада.
Айта кету керек, Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль 23 шілдеде түскен. Таеквондодан 63 келі салмақта бақ сынаған Самирхон Абабакиров финалда түркиялық спортшыдан басым түсіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз